«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы – Алмат Қодасбаев
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, РМА қауымдастығының профессоры. Алматы мемлекеттік медицина институтында білім алған. 1998 жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының аспирантурасын бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Іле аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. Алмат Тұрысбекұлы 23 жылда 5 мыңнан астам науқастың жүрегіне ота жасаған. Екі аяғы, бір қолы жоқ адамның жүрегіне операция жасап, аман алып қалған.
Ол 70-тен аса ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы.
ҚР-ның талантты жас ғалымдарына арналған Мемлекеттік стипендияның лауреаты.
Кардиоторакальды хирургтердің Еуропалық қауымдастығының мүшесі.
Қодасбаев 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі атанды.
2014 жылы Ұлыбританияның Сократ комитеті «Үздік топ-менеджер» төс белгісімен марапаттады.
Қазіргі таңда Алматы қалалық кардиологиялық орталығының директоры.

Цитата:
«Еліміз медициналық туризм саласында танымал болса деймін. Еуропалық кардиологтар және кардиохирургтар қауымдастығына мүше болып, өзіміздің істеген еңбектерімізді қауымдастықтың Еуропаға шығатын журналдары арқылы таныту жоспарда бар. Бүгінде кәсіби деңгейімізді көтеру үшін экспорттық кеңес мүшелері барлық съездер мен отырыстарға қатысып, әлемдік аренаға көтерілу жолына бет түзедік», - дейді Алмат Тұрысбекұлы.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33