|
16.07.2018 | 14:50
4165

Қазақстандағы халық саны 18 млн 253 мың адамды құрады

Қазақстандағы халық саны 18 млн 253 мың адамды құрады

2018 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны 18 млн 253,3 мың адамды құраған, соның ішінде, қалалықтар – 10 514,3 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 739,0 мың адамды (42,4%) құрап отыр. 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3% өскен. Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде белгілі болғандай, 2018 жылғы қаңтар-мамырда туғандар саны 159,9 мың адамды құраған, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткішке қарағанда 2,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,15 туғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,8 мың адамға немесе 3,8% көбейіп, 103,5 мың адамды құраған. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,69 адамды құрайды.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 56,4 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 366 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,6% көбейді.

Нәрестелер өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-мамырда 637 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,6% құраған. Туа біткен ауытқулардан 283 немесе 20,7%, тыныс органдары ауруларынан – 113 немесе 8,3%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 70 нәресте немесе 5,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 63 немесе 4,6% нәресте қайтыс болған.

2018 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,54 құраған.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 25,6% кеміп, 5 359 адам құрағаны анықталды. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 17,3% көбейіп, 12 874 адам құрады, көші-қонның айырымы -7 515 адам болған.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. Яғни, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,3%, ТМД елдерге кеткендердің үлесі 88,8% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 31,5% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы: Шымкент қаласы – 40 622 адам, Алматы қаласы – 14 185 адам, Астана қаласы – 4 898 адам, Ақмола облысы – 25 адам болған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир