Нью-Йорк штатында болған аса ірі жол-көлік апаты салдарынан кем дегенде жиырма адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Штат полициясының деректеріне қарағанда, Скохари округінде лимузин мен бірнеше машина соқтығысқан. АҚШ ұлттық көлік қауіпсіздігі басқармасы мен полиция сенбі күні болған қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тексеруде.