Алматы облысында түрмеде жазасын өтеп жатқандар ішін сыммен тіліп тастады

Алматы облысында түрмеде жазасын өтеп жатқандар ішін сыммен тіліп тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтар ішін тіліп тастаған. Олардың Қапшағайдағы ауруханада жатқанына бірнеше күн болған. Таяуда Дмитрий Артющенко мен Жәнібек Байбосын түрмеге қайтадан қайтарылатын болады, деп хабарлайды Stan.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 15 желтоқсанында Заречныйдағы Ла155/12 түрмесінде жазасын өтеп жатқандар өз ішіне темір сым тығыпты. Ертесі күні олар өлім аузында жатқан күйінде табылған. Сотталушылар осындай әрекеті арқылы түрмеде болып жатқан қоғам назарын аудартқысы келген.

Өз сөзінде олар түзету мекемесінде түрлі қиындық мен қорлық көргенін, қатты қысымға ұшырағандарын айтты. Сондай-ақ, сотталушыларға әлі де қыстық киім берілмепті.

Ал облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер олардың сөзін жоққа шығарды.

«Олар қыстық киім берілмейді деп арызданды. Бірақ құжат бойынша берілген. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша олардың кінәсі дәлелденсе, қосымша жазаланады. Егер түзету мекемесі қызметкерінің телефонды ішке алып өтіп, оларға бергені анықталса, ол жұмыстан шығарылады», – дейді Алматы облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары Нұрлан Қалиақпаров.


Новости партнеров