Өскеменде 5-сынып оқушысы сабақ үстінде өзіне қол жұмсамақ болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскеменде 5-сынып оқушысы терезеден секіріп кетпек болды. Оны мұғалімі тоқтатып қалды, деп хабарлайды stan.kz.
Оқушы сыныптасымен сөзге келіспей қалып, терезеден секірмек болған. Мұғалімі оған тоқтау салды. Баланың жағдайы жақсы. Мектеп басшылығы мен психологтің айтуынша, оқушы психологиялық ауытқушылығына байланысты есепте тұр.
«Үнемі қолын қысып көзін жұма береді. Сөйлескенде қымсынады», – дейді мектеп психологі.
Ал, мұғалімі оның сабақ үлгерімі нашар екенін, алайда тәртібі жақсы болғанын айтады.
Оқушыны анасы мұның бәріне мектептегілерді кінәлап, прокуратураға арыз жазды. Айтуынша, баласы мектеп қызметкерлерінің кесірінен осындай жағдайға душар болған. Мектеп басшылығының жалған айтып отырғанын жеткізді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34