Талдықорғанда үш оқушы Smart-аялдамаға қойылған телефон қуаттағыш қондырғыны жұлып әкетіп қалған. Қала әкімдігі Facebook әлеуметтік желісінде болған жайттың видеосымен бөлісіп, жергілікті тұрғындардан балаларды табуға көмектесуін сұрады.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл оқиға 8 қаңтар күні Самалда болған.
«Оқушылар Самалдағы Smart-аялдамаға қойылған телефон қуаттағыш қондырғыны жұлып әкетіп қалған. Бала емес, нағыз тонаушылардың өзі», - делінген әкімдіктің мәлімдемесінде.
Билік өкілдері аталған балалардың ата-аналарына әкімдікке келуін талап етті. Болмаған жағдайда құқық қорғау органдарына арыз түсірмекші.