Үрейі ұшқан отбасы аязда жалаңаяқ далаға жүгірді (видео)

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеті балдық жер сілкінісінен отбасы мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ

АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласында жойқын жер сілкінісі кезінде бір отбасының ажалдан қалай аман қалғаны видеобақылау камераларына түсіп қалды.   

Қорқынышты бейнежазба YouTube-тегі ViralHog арнасында жарияланды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Видеода әкесі қызымен бірге үстелде отырғаны көрінеді. Бір кезде ғимарат қимылдай бастайды. Ер адам баласын алып, далаға жүгіреді, артынан үрейі ұшқан әйел жүгіріп шығады.    

«Бейнебақылау камералары 7,0 балдық жер сілкінісінен қалай аман қалғанымызды түсіріп алды. Бұл үлкен дүрбелең тудырды», — деп жазды үй иесі.

Белгілі болғандай, отбасы мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.  

Новости партнеров