Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 25 жастағы жолаушы қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
10 қазан күні Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болып, 25 жастағы жолаушы қаза тапты деп жазады sn.kz.
Сажаевка ауылында жеңіл автокөлік пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөліктегі 25 жастағы жолаушы мерт болды.
Куәгерлердің айтуынша, Зерендіге бара жатқан жеңіл автокөлік төменге құлдилай бергенде, қарсы бетке шығып кеткен. Сол кезде оған ауыр автокөлік соғылып, жеңіл машинаны жол жиегіне сүйреп тастаған.
Оқиғаның қалай болғанын полицейлер тексеріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11
Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды
10.11.2026 10:00