30 қыркүйек күні Ақтауда менингит диагнозымен ауруханаға түскен сарбаз 14 қазан күні қайтыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Денсаулық cақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.
Науқастың өмірін білікті дәрігерлердің өзі аман алып қала алмады.
«Сарбаз 14 қазан күні сағат 9:30-да қайтыс болды», - дейді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Еске сала кетсек, 30 қыркүйек күні №6656 әскери бөлімінің сарбазы Маңғыстау облыстық ауруханасына менингококк инфекциясымен жатқызылған. Науқас есін жимастан қайтыс болды.
Әскери бөлімде карантин жарияланды.
Дереккөз: sn.kz