Мұғалімінен таяқ жеген оқушы 20 жылдан кейін өш алды

Мұғалімінен таяқ жеген оқушы 20 жылдан кейін өш алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың Лоян қаласында ер адам шамамен 20 жыл бұрын өзін ұрған мұғалімінен өш алды.

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

30 жастағы ер адам көшеден бұрынғы мұғалімін көріп қалып, оны тоқтатып: «Мені танисың ба?» – деп сұраған. Мұнан кейін ол 20 минут бойы мұғалімінің желкесінен ұрып, шапалақпен тартып жіберген. Осы уақыт бойы мұғалім қарсылық көрсетпей, тек кешірім сұрай беріпті.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін ер адам өз әрекетін түсіндірді. Айтуынша, шамамен 20 жыл бұрын мұғалімі өзін аяусыз ұрып-соққан. Мұғалім оқушының сабақ кезінде қалғып кеткенін байқап, оған тізерлеп тұруын бұйырып, бүкіл сыныптың алдында басынан 10 рет тепкен екен.

Таяқ жеген оқушы ұялғандықтан полицияға шағымданбапты. Десе де, ол осы жолы мұғалімін ұрғаны үшін тұтқындалды.


Новости партнеров