Түркістан облысында ер адам өзінің үш жасар қызын зорлап, өлтірді

10.10.2018 15:20

Түркістан облысында 40 жастағы ер адам үш жасар өз қызын зорлап, кейін қасақана өлтірген деп хабарлайды NUR.KZ .

Жұрттың жағасын ұстатқан бұл жағдай биыл 6 қазанда болған.

1978 жылы туған ер адам мас күйінде туған перзентін айуандықпен азаптап, мерт еткен. Күдікті оқиға болған жерде-ақ қамауға алынды.

Қазан айының 8-і күні сот санкциясымен азғын әке тергеу уақытында екі ай қамауда болады.

Күдіктіге ҚР ҚК нің 120 бабының, 2-ші бөлігі "кәмелетке толмағанды зорлау" және 99 бабының 3,5,14-ші бөліктерімен "шарасыз халдегі, кәмелетке толмаған тұлғаны қасақана өлтіру" бойынша айып тағылуда.

Белгілісі, әкесі зорлап, қорлап өлтірген үш жасар қыз бала отбасындағы жалғыз бала болған.

Күдікті бұрын сотты болмаған.