Петропавлдағы №1 қалалық аурухананың инфекция бөлімінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды pkzsk.info.
Ер адам ауруханаға 27 қыркүйек күні бас-ми жарақатымен түскен. Сондай-ақ дене қызуы да жоғары болған. Кейін оның 10 қыркүйекте түрмеден босап шыққаны анықталды.
Дәрігерлер оған бас-ми жарақатынан өзге, менингит болуы да мүмкін деп диагноз қойған. Кейін ақ халаттылар науқастың қанынан менингококк инфекциясы шықпағанын мәлімдеді.
9 қазан күні өткен жиында ер адамның ауруханада қайтыс болғаны айтылды.