|
26.12.2018 | 10:21
8852

Жалаңаш төсін көрсеткен ару өзіне қауіп төнгенін айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Жалаңаш төсін көрсеткен ару өзіне қауіп төнгенін айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Төсін жалаңаштап желіде «жұлдыз» болған бойжеткен жылап тұрып кешірім сұрады. Айтуынша, оны қорқытатындар көбейген, деп жазады stan.kz.

Шырын Нарчаева бірнеше уақыт бұрын желіге жалаңаштанып түскен суретін жариялаған еді. Қазақтың әшекейі мен сәукелесін жалаңаш киіп суретке түсті. Бұл желіде қызу талқыға түсті. Оны сынға алғандар саны күннен күнге артып келді.

Бойжеткеннің айтуынша, осы әрекеті үшін өзін қорқытып-үркітетіндер көп. Алайда оған мән бермейтінін айтқан еді. Енді желіде видео арқылы көпшілікке үндеу айтты.

«Мен қорқа бастадым. Күнделікті жағымсыз пікір жазатындар көп. Бәрі мені ұратынын, өлтіріп кететінін айтады. Бүгін тіпті соңымнан аңдыды. Суретке түсіріп алды. Өзімді қойып, отбасы мүшелерімді үркітетін болды. Қорқатын жағдайға жеттім. Маған қорқынышты. Оларға бәрінен кешірім сұрағаным керек пе?», – дейді ол.

Желі қолданушылары бойжеткеннің бұл видеосы кезекті пиар десе, енді бірі ісіне өкініп отыр деп сенді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир