|
31.10.2018 | 10:27
18915

«Алматы-2 - Маңғыстау» арасы 4 сағатқа қысқарады

«Алматы-2 - Маңғыстау» арасы 4 сағатқа қысқарады

Елімізде 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі 9 желтоқсаннан бастап енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ сілтеме жасап.

«105» нөмірі бойынша біртұтас анықтама қызметі мен теміржол вокзалдарының анықтамалығы жолаушылар пойызы қозғалысының кестесін өзгертуге қатысты нақты ақпарат беруге дайын. 2018 жылдың 9 желтоқсанынан бастап «РТЖ» ААҚ бірлесе күнара жүретін «Қарағанды-Томск-2» бағытындағы №363/364 пойызын жолға қою жоспарланып отыр» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «УТЙ» АҚ жасақтаған Бейнеу - Атырау - Қиғаш арқылы «Ташкент - Мәскеу» қатынасындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүретін болады. Жолаушылардың өтініштері мен тілектері ескеріліп, ҚР ИДМ келісімімен, жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқарту және жылдамдықты арттыру есебінен «Алматы-2 - Маңғыстау» бағытында қатынайтын №377/378 пойызын жеделдету туралы шешім қабылданды.

2019 жылдың 2 қаңтарынан «Алматы-2 - Орал» қатынасындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана - Тобыл станциясы арқылы жүреді. Теміржолдағы жолаушылар тасымалында тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы кезендегі іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады:

№ 152/151 Астана - Алматы жиілігі күнара;

№ 162/161 Алматы - Семей жиілігі күнара;

№ 173/174 Алматы - Шымкент жиілігі күнара;

№ 176/175 Алматы - Түркістан жиілігі күнара;

№ 251/252 Самарқанд - Астана жиілігі аптасына бір рет;

№ 253/254 Астана - Достық жиілігі аптасына 2 рет.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир