|
27.09.2018 | 16:56
4335

Алматыда полицейлер жанжалдасып, бірі екіншісін атып өлтірді

Алматыда полицейлер жанжалдасып, бірі екіншісін атып өлтірді

Алматыда полицейлер бір-бірімен жанжалдасып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Оқиға 26 қыркүйек күні кешке болған. Жанжалдасқан полицейлердің бір-біріне жақын туыс екені белгілі болып отыр. Олардың арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Сол сәтте бірі екіншісін тапаншамен атып салыпты.

«Өкінішке қарай, дәрігерлер полицейдің өмірін аман алып қала алмады. Ол кешкі 22:00 шамасында жансақтау бөлімінде көз жұмды. Күдіктіні ішкі қауіпсіздік департаментінің мамандары ұстап, уақытша қамау изоляторына жапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Сәдубаев.

Оның айтуынша, ағайындылар нарядқа бірге түсіпті. Қазір олардың арасындағы дау-жанжалдың себебі анықталуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир