Алматыда Аяз атаның резиденциясы ашылды

19.12.2018 15:29

Республика сарайының алдындағы алаң күн сайын сағат 12:00-ден бастап 20:00-ге дейін келушілерді қарсы алады.

Алматы қаласындағы Республика сарайының алдында қысқы демалысты өткізетін жаңа орын - Аяз атаның резиденциясы ашылды, деп хабарлады Қазақпарат.

Бүгіннен бастап Республика сарайының алдындағы алаң күн сайын сағат 12:00-ден бастап 20:00-ге дейін келушілерді күтеді. Қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінше, күн сайын сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейін алматылықтар мен қала қонақтарын осында хаски иттері қарсы алады.

«Егер сіздер достыққа адал, ақылды иттермен танысып, олармен суретке түскіңіз келсе, күтеміз. Тегін фотосессияға ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады», - делінген Алматы қалалық Мәдениет басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасында.