|
30.11.2018 | 10:30
8414

3-9 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамы

3-9 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамы

Қыс мезгілінің алғашқы аптасында Алматыда қар жаумайды. Дегенмен ауа температурасы – 9 градусқа дейін төмендейді.

Дүйсенбі, 3 желтоқсанда күн жылы болады. Термометр бағаны күндіз – 1, түнде – 7 градусты көрсетеді.  

Сейсенбі, 4 желтоқсанда ауа температурасы күндіз 0, түнде – 9 градус болады.

Сәрсенбі, 5 желтоқсанда күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны +1, түнде – 5 градусты көрсетеді.

Бейсенбі, 6 желтоқсанда күн бұлтты болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +2, түнде  –  5 градус болады.

Жұма,  7 желтоқсанда термометр бағаны күндіз +4, түнде – 4 градусты көрсетеді. Көшпелі бұлт шығады.

Сенбі,  8 желтоқсанда күн бұлтты болады. Ауа температурасы күндіз +5, түнде - 4 градусты көрсетеді.

Жексенбі, 9 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады. Термометр бағаны күндіз +4, түнде - 3 градус көрсетеді.

Ауа райы болжамы intellicast.com сайтынан алынған.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир