Павлодарлық полицейлер қоқыс жәшігінен табылған сәбидің туыстарын іздеуде

Павлодарлық полицейлер қоқыс жәшігінен табылған сәбидің туыстарын іздеуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жылдың басында қоқыс жәшігінен табылған сәби әлі де «Балалар үйінде». Полицейлер бір жыл өтсе де баланың биологиялық анасын анықтай алмаған, деп хабарлайды NUR.kz.

Павлодар облысының Полиция департаменті түр-әлпеті азиялық баланың қазір едәуір өсіп қалғанын және өзін жақсы сезінетінін хабарлады.

Павлодар тұрғыны Назира Омарова оны тауып алғаннан кейін6 суықтап қалған нәресте ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер баланы емдеп, кейін оны «Павлодар облыстық арнайы балалар үйіне» жіберген.

Қазір полицейлер баланы суретінен таныған болса, туысқандарының хабарласуын өтінеді. Сәбидің биологиялық анасы сол күйі табылмады.

Сәби қоқыс жәшігінен табылғаннан кейін оны асырап алам деушілер көп болған. Алайда, адамдардың құлшынысы тез басылған. Тоғыз айдың ішінде баланы асырап алуға ешкім келмепті.

Павлодар облысының Полиция департаменті көпшілікке үндеу жасауда: кімде-кім баланы танып, анасы немесе туыстары туралы ақпарат білетін болса, мына нөмірлерге хабарласуларын өтінеді: 8 (7182) 391508, немесе WhatsApp 87010148014.

Полиция сонымен қатар6 ақпараттың құпия сақталатынына кепілдік беріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, салмағы үш келіге жуық нәресте Павлодар қаласындағы Гагарин көшесі, 40 үйдің маңындағы қоқыс жәшігінен көрпеге оралған күйде табылған болатын. Ал балалар үйінде оған Дамир Дүйсенбек деген есім берілген.


Сурет:

Новости партнеров