Теміртауда 19 жастағы жігіт өгей әкесін пышақтап өлтірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Теміртауда 19 жастағы жігіт анасымен бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып, оған пышақ сұққан, деп жазады NUR.KZ.
Бөлек үй жалдап тұратын жігіт анасының үйіне қонаққа кеп, шешесімен бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып қалған. Жігіт соңынада оған пышақ сұғып тынған.
Жедел жәрдем тек таңертең шақырылғаны үшін ер адам көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмды.
Теміртау қалалық соты осы іске қатысты үкім шығырды. 19 жастағы жігіт кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сотта марқұмның анасы келіні мен ұлының арасында жиі кикілжің болатынын айтты. Сотталушыдан шешесі 1 миллион 155 мың теңге өтемақы талап етті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52