Синоптиктердің 21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің 21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

21 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында ауа райына антициклон слемі ықпал ететін болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, аязды күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күшті жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының жекелеген жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз жел 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болады.


Новости партнеров