Мұржаға кептеліп қалған ұры полиция шақыруға мәжбүр болды

Мұржаға кептеліп қалған ұры полиция шақыруға мәжбүр болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 жастағы жігіт диспансердің шатырына шығып, дәріханаға кірмек болған.

Австралияда жергілікті дәріханаға түспек болған ұры мұржаға кептеліп қалғандықтан, полицияны өзі шақыруға мәжбүр болған.

22 жастағы жігіт диспансердің төбесіне шығып, дәріханаға кірмек болады, алайда күтпеген жерден мұржада қалып қойған.

Қаскүнем мұржаны ғимараттың ішіне кіру үшін қолданғысы келген деген болжам жасалып отыр, деп жазды korrespondent-ке сілтеме жасап sputniknews.kz порталы.

Полиция қызметкерлері одан шатырға не үшін шыққанын сұрады. Ол шатырдан айналаны суретке түсіргім келді деп жауап беріпті.

«Оның үсті-басы әбден былғаныпты, құдды бір XVIII ғасырдағы мұржа тазалаушы ма дерсіз», — деп атап өтті дәріхана иесі Грег Гибсон.

Сурет: AP Photo / Peter Dejong



Новости партнеров