Алматының ірі жылу магистралінде апат болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы орталығында ірі магистральдік жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлағандай, Назарбаев пен Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы жылу трассасы жарылған. Бұл жердегі диаметрі 700 мм құбыр 1993 жылы берілген екен. Төтенше жағдай туралы түнгі 2:30-да белгілі болды.
«Шұғыл түрде Қазыбек би - Зенков - Гоголь - Панфилов квадратындағы инженерлік желілерге су берілу тоқтатылды. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Тұтынушылардың мүлкіне ешқандай нұқсан келмеді. Жол қабаты құбыр ауыстырылған соң дереу төселетін болады. Жылу желісін апатты жағдайда тоқтату нысандар мен үйлерге берілетін жылуға ықпал етпейді», - деді коммуналдық қызмет өкілдері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53