|
10.01.2019 | 17:45
3579

Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды: 31 көлік соқтығысты (видео)

Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды: 31 көлік соқтығысты (видео)

Алматы-Қапшағай тас жолында 31 көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды. Онсыз да көктайғақ болып жатқан бетон жолға қою тұманның түсуі апатқа себеп болған.

Оқиғадан бес адам зардап шеккен. Жарақат алған жолаушылар Іле аудандық ауруханасына жеткізілді. Ал жүргізушілер жолдың уақытылы тазаланбағанына, тұздың себілмегеніне наразылықтарын білдірді. Соғылған көліктердің кесірінен көк мұзды күре жолдағы кептеліс түстен кейін бір-ақ ретке келтірілді.

«30-дан астам көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы Алматы-Өскемен тас жолының 20-шы шақырымында орын алды. Жол патрульдік полиция қызметкерлдері тарапынан тиісті шаралар қабылдады. Жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді. Қазір осы факті бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік УПИЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир