ШҚО-да жалғызбасты әйел үйінде тірідей жанып кетті

ШҚО-да жалғызбасты әйел үйінде тірідей жанып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зырянов ауданына қарасты Парыгино ауылының 60 жастағы тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін таңғы 5-тер шамасында болған. №3 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің құтқарушыларына көршілерден жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Үйдің ішінен өздігінен шыға алмай, көмек сұраған әйелдің дауысы шығыпты.

«Адамдар әйелдің көршілеріне телефон соғып, шығуға көмек сұрағанын айтты. Алайда өрттің жалыны үйді түгел шарпыған. Біз келгенше адамдар өз беттерімен кіруге әрекет жасаған, алайда мүмкін болмаған», - деді №3 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің басшысы Ержан Өмірбаев.

Айта кету керек, Парыгино ауылы ең таяу өрт бөлімшесінен 35 шақырым жерде орналасқан. Құтқарушылар келгенге дейін үй түгелдей отқа оранған. Өрт сөндірушілер үйден 61 жастағы әйелдің денесін алып шықты. Тілсіз жау 2 сағаттан кейін түгелдей сөндірілді. Жалпы 80 шақырым аумақ өртенген. Көршілердің айтуынша, қаза тапқан әйел жалғыз өзі тұрған.

Өртке отты салғырт пайдалану немесе электр құралдарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын дұрыс сақтанбау себеп болуы мүмкін. ШҚО ТЖД-ның өрт сөндірушілері нұсқаулықтарды мұқият ескеріп, электр желісін шамадан тыс қолданбауды сұрайды. Сондай-ақ, ақаусыз жылытқыштарды ғана пайдаланып, оларды түнде өшіріп ұйықтауға кеңес береді.  

Новости партнеров