Денисов ауданындағы Окраинка ауылының 31 жастағы тұрғыны жалғыз тұратын зейнеткерді бауыздап, артынша мәйітін жертөлеге лақтырып тастаған, деп хабарлайды kstnews.kz.
Сол күні Азамат Т. сау болмаған. Сондықтан алкогольдік
ішімдік іздеген ол зейнеткерге келіпті. Алайда, қария оған ақша беруден бас
тартқан. Сол кезде қылмыскер зейнеткердің басынан орындықпен бірнеше рет ұрып, тамағын кесіп,
ары қарай мәйітті жертөлеге лақтырған.
Ісін бітірген соң айыпталушы үйдегі 26 620 теңге мен ұялы телефонды ұрлап
кеткен. Алайда, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде қылмыскерді сол
түні-ақ ұстады.
Сурет:Казинформ