|
11.12.2018 | 10:51
2242

Алматы облысының әкімі алқаларын билікке қайтарып берген көпбалалы аналардың шағымын тыңдады

Алматы облысының әкімі алқаларын билікке қайтарып берген көпбалалы аналардың шағымын тыңдады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көпбалалы аналармен кездесті. «Күміс», «Алтын» алқаларын билікке қайтарып берген аналардың шағымын тыңдады, деп хабарлайды stan.kz.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аналар тұрғын үй алуға берген өтінішін қарамай қойған билік өкілеріне ашуланып, медальдарын кері қайтарып берген еді. Олар бірнеше жыл бойы үй алуға кезекте тұр.

Көп балалы аналар үй мәселесін біржақты етіп, тәуелсіз бақылаушы қоюды талап етті.

«Біріншіден, тұрғын үйге тұрған кезекті анықтау керек. Әрбір кезекте тұрған адаммен жұмыс істеп, түсіндіру керек. Тоқсан сайын кезектің қалай жүргенін айту керек», – деді әкім.

Аналардың шағымын тыңдаған әкім ыстық су мен жылумен қамтып отырған қазандық жұмысына сын айтты.

Амандық Баталов кәсіпкерлерді көпбалалы аналарға арнап әлеуметтік тұрғын үй салуға шақыруға тапсырма берді. Әкім бұл істі бақылауда ұстап, көпбалалы аналардың үй мәселесін шешуді қолға алатынын айтты.

Қазақстанда 4 баласы бар ана көпбалалы дәрежесін алады. 6 баласы бар аналар «Күміс алқа», 7 не одан көп баласы барлар «Алтын алқа» иеленеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир