Алаяқ көріпкел алматылық тұрғындарды тақырға отырғызып кетті.
Бүгін айласына құрық бойламайтын Алматы облысының 34 жастағы тумасы ұсталды. Өзін балгермін деп таныстырған келіншек «жол ашамын», «көз тигенді қайтарамын», тіпті «болашақты болжаймын» деген желеумен, әр адамнан қызметіне 200 мың теңгеден алып отырған. Ал жарнаманы келушілер арқылы таратып жүріпті.
Күдікті «халық басына келген бәлені қайтарғаным үшін ақыны өз еріктерімен төлеген» деп өзіне шаң жуытпай отыр. Алданғандар Әуезов аудандық полиция басқармасына арыз жазып, Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.
«Мен бал ашқаным үшін ақша алып отырдым. Бірақ бал аштырғандардың ақшасын қайтарып беремін. Бір әйелден 200 мың теңге, тағы біеуінен сондай сома ақша алғаным рас. Мысалы, біреуіне бал ашып, шындықты айтып бергенім үшін 200 мың теңге береді де, басқа біреуге мен туралы «жақсы ашады екен, дұрыс табады екен» деп мақтап береді. Оны естіген соң қалғандары да өздері іздеп келіп жатады», – деп ақталды алаяқ әйел.