Қытай телеарналарының бірінде диктордың орнын робот алмастырды (ВИДЕО)

Қытай телеарналарының бірінде диктордың орнын робот алмастырды (ВИДЕО)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың мемлекеттік «Синхуа» ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды, деп хабарлайды tengrinews.kz xinhuanet.com-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды. Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол «тірі» әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен.

Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша дүниежүзілік конференцияда өтті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кірісіп кетті. Дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде жаңалық оқиды.

Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алады.

«Синхуа» өкілдері бұл технологияның мән-жайын әлі ұсынбады. Алайда, жаңа роботтардың тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істей алатыны хабарланып отыр.

Новости партнеров