30 қараша күні Қазақстан қалаларының көпшілігінде метеорологиялық жағдайлар жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, еліміздің негізгі: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай жағымды болады.
Тек Орал қаласының атмосферасында метеорологиялық жағдайлар ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.