Алматыда теракт жасауға дайындалды деген күдікпен бір топ шетелдік ұсталды. Бул туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап отыр.
Ведомство таратқан видеода Орталық Азиядан келген 6 азаматтың үйінен қару-жарақ пен жарылғыш заттардың табылғаны көрсетілген.
Тергеу нұсқасы бойынша ұсталғандар елімізде тыйым салынған ДАИШ содырларының тапсырмасын орындап, солардың жетекшілігімен әрекет еткен.Ресми дерекке сүйенсек, күдіктілер Алматының адамдар көп шоғырланған жеріне қарумен шабуыл жасамақ болған. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.