Алматыда автобус жеке үйдің қоршауын бұзып кірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Олардың айтуынша, автобус Папанин көшесімен солтүстікке қарай өз жолымен жүріп бара жатқан.
Осы кезде Кожедуб көшесінде Honda Odyssey автокөлігі келе жатады. Жүргізуші «Жол бер» деген белгіні елемеген бе, әлде байқамады ма, жол қиылысында автобустың бүйірінен соққан.
Автобус жүргізушісі қатты соққыны болдырмау үшін рөлді оңға бұрып жіберіп, жеке үйдің қоршауын бұзып кірген.
Жол апаты салдарынан Honda Odyssey көлігіндегі жолаушы зардап шеккен, ол әр түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40