Веложарыс: Алматыда бірқатар көшелер жабылады

Веложарыс: Алматыда бірқатар көшелер жабылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өтетін «Тур Алматы-2018» халықаралық кәсіби веложарысы барысында бірқатар көшелер жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Астанада 29-30 қыркүйек аралығында өтетін жарыс Орталық Азиядағы ірі спорттық додалардың бірі болып табылады. Жарыстың тікелей трансляциясын «Eurosport» телеарнасы арқылы 60-тан астам ел тамашалайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жарыста да көшелердегі жол қозғалысы тек велошабандоздар өткен кезде ғана жабылатын болады. Спортшылар тобы өтіп кеткен соң жол қозғалысы қайта жанданады.

29 қыркүйек (бірінші кезең) 

Сағат 10:00-де «Тур Алматы» жарысының қатысушы командалары таныстырылады. Сол себепті «Астана» алаңында жол қозғалысы 9:30-дан бастап жабық болады.

Жарыс сағат 12:00 шамасында «Астана» алаңынан бастау алады. Бұл кезең барысында спортшылар 26,1 шақырымнан 7 шеңбер жасауы тиіс болады. Бағыты: «Астана» алаңынан бастап Төле би көшесімен Достық көшесіне дейін; Достық көшесімен Сәтбаев көшесіне дейін; одан әрі Назарбаев даңғылына дейін.

Осы бағытпен спортшылар Мұстафин көшесіне дейін жарысады. Қайта айналып Сейфуллин көшесіне келеді.

Одан әрі Сәтбаев-Байзақов-Абай-Желтоқсан-Төле би көшесімен жүріп өтеді.

Сөйтіп «Астана» алаңында мәреге жетеді.

Жарыстың алғашқы кезеңі Астана уақытымен шамамен 16:00-де аяқталады. Сол себепті, 9:30 бен 16:00 аралығында аталған көшелер уақытша жабылып отырады.

30 қыркүйек (екінші кезең)  

Екінші кезең 11:00-де «Халық Арена» мұз сарайынан басталады. Спортшылар тобы «Шығыс айналма жолы әл-Фараби көшесі» бағытымен 4,5 шеңбер жасауы тиіс.

Бұл кезең Тұңғыш Президент паркі-Достық көшесі-Медеу шатқалы маршрутымен аяқталатыны жоспарланған.

Аталған жол учаскесінде сағат шамамен 11:00-16:00 аралығында қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі.

«Құрметті Алматы тұрғындары, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біздің мақсатымыз - жарысты тамашалаудан бас тартып отырған жолаушыларға келтірілетін дискомфортты барынша азайту. Жарыста 15 елдің командасы бақ сынайтын болады. Қолы бос, спортқа жаны құмар адамдар болса, қазақстандық команда үшін жанкүйер болуларыңызды сұраймыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейңк, таңғы 10:00-12:00 аралығында Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысынан тегін автобустар қатынайтын болады.

Новости партнеров