Павлодардың екі тұрғынын студенттердің көзінше бұзақылық үшін жазалады

06.11.2018 16:01

Павлодардың әкімшілік сотында түсті металлургия колледжі студенттерінің қатысуымен көрнекі сот отырыстары өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мамандандырылған қалалық әкімшілік сотының баспасөз қызметінде жеткізгендей, сот процесі барысында қоғамдық орында темекі тұқылын жерге тастап, бұзақылық жасаған екі азаматқа қатысты істер қарастырылды.

«Сот қаулысымен екі азамат Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды», - деп хабарлады сот баспасөз қызметі.

Кінәлілерге әкімшілік жаза қолданылды. Мәселен, бір азамат бір тәулік бойы әкімшілік қамаумен, екіншісі – бес АЕК көлемінде айыппұл төлеумен жазаланды.

Сот баспасөз қызметінің мәліметтерінше, көрнекі сот істері 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Енді студенттер қоғамдық орындарды ластаған адам айыппұл төлеп қана қоймай, тіпті әкімшілік қамауға алынатынына көздері жетті.