|
13.11.2018 | 11:02
1608

Ақтауда үш жасар бала шұжықтан уланып қайтыс болды

Ақтауда үш жасар бала шұжықтан уланып қайтыс болды

Бүлінген шұжықтан отбасында алты адам уланып, 3 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 қараша күні тамақтан уланған отбасының алты адамы, соның ішінде төрт бала жеткізілген.

«Біз қонаққа барған едік. Сол кезде балалар шұжық сұрады. Үйдің иесі оның көп тұрып қалғанын айтты, сонда да қуыра салайын дедім. Түнгі сағат 01:00 шамасында баламның мазасы кетіп, құса бастады. Марганец ерітіндісімен асқазанын шайып болған соң, ол ұйықтап қалды. Артынша тағы үш балам, өзім де ауыра бастадым. Сол кезде жедел жәрдем шақырдық», – дейді қайтыс болған баланың анасы Лидия.

Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмаған.

«Бала таңғы сағат 07:00-де қайтыс болып кетті. Бұл отбасының жағдайы нашар, ата-аналары арақ-шарап ішеді. Қазір әкесінен басқа барлығы жұқпалы аурулар бөлімінде дәрігерлердің бақылауында», – дейді Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.


Сурет: ukrinform.ua

Дереккөз: sn.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир