Ескек есуден Азия кубогінде Қазақстан спортшылары топ жарды

Ескек есуден Азия кубогінде Қазақстан спортшылары топ жарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Самарқандта ескек есу спортынан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты мен ересектер арасындағы Азия кубогі аяқталды. Көрші елдегі құрлық додасына негізгі құраммен қатысқан Қазақстан өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Соңғы жарыс күнінде біздің барлық спортшымыз тұғырдан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Төрт адамдық каноеде (500 метр) Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов, Владимир Петров және Борис Саликов бірінші орын иеленді.

Төрт адамдық байдаркада (500 метр) Илья Голендов, Ибрагим Шарафутдинов, Дәулет Сұлтанбеков және Александр Емельянов жеңімпаз атанды.

Әйелдер арасында төрт адамдық каноеден (500 метр) Мәдина Қарбаева, Шүлжайна Тыныбекова, Екатерина Рафикова және Ольга Сумина топ жарды.

Сондай-ақ, төрт адамдық байдаркадан қыздар командасы да тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. 500 метрге жарысуда Анастасия Березовская, София Молина, Дарья Разумович және Олеся Терешенко көш бастады.

Татьяна Гладкова мен Антонина Казанина екі адамдық байдаркада (500 метр) күміс жүлдегер атанса, жасөспірімдер арасында  Ануар Алмағанбетов, Береке Айтбай, Ануар Акчурин және Нуржан Мүфтілікұлы төрт адамдық каноеден жеңімпаз атанды.

Жасөспірімдер арасындағы сында төрт адамдық байдаркадан (500 метр) Ділназ Алмағамбет, Анна-Луиза Перлова, Асия Амаркельд және Анастасия Кунц мәреге бірінші болып келді.

Осы қашықтықта каное төрттіктен сынға түскен (500 метр) Максим Голиков, Григорий Артемьев, Александр Медведев және Артем Терешенко күміске қол жеткізді. Каноешілер Антон Альшанский, Фарух Хабибуллаев, Виктор Степанов, Тимур Әлиханов та күміс жүлдегерлер қатарында.

Байдаркадан жекелей сында Татьяна Гладвкова екінші, Антонина Казанина үшінші орын иемденді.

Каноеден жекелей сында (500 метр) Дарья Короткинаға тең келер ешкім болған жоқ.

Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Павел Казанцев, Адрей Толмачев, Игорь Ряшенцев және Роман Старостин төрт адамдық байдаркамен бірінші орын иеленді.

Айта кетелік, аталған жарыс ескек есу спортының биылғы маусымын қорытындылайды. Алдағы күндері спортшыларды аздаған үзіліс күтіп тұр. Ал 2019 жылы Токио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын әлем чемпионаты өтеді.


Новости партнеров