Павлодарда 133 көпқабатты үйдің тұрғындары жылудың дұрыс жетпейтіндігіне шағымдануда

Павлодарда 133 көпқабатты үйдің тұрғындары жылудың дұрыс жетпейтіндігіне шағымдануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Депутаттардың өз округтары бойынша жасаған мониторингі нәтижесінде жылу жетпей отырған 133 үйдің тізімі құрастырылған. Десе де «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің өкілдері мұндай жағдай тек төрт үйде ғана орын алғанын айтуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында мәлім болды.

«Бұл сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде бар мәселе», - дейді депутат Қобыланбек Қожин.

Мысалы, Ломов көшесі, 36 үйде жылыту жеткіліксіз мөлшерде. Пәтерлерінде небары жеті градус температура сақталады. Мұндай жағдай Сибирская көшесі, 85, 87, 89-шы және Суворов көшесі, 21, 8, 35, 39, 43-ші үйлерде де бар. Оған қоса, бұл мекенжайлар бойынша жер қазылып, аумақ абаттандырылмаған. 11 округтегі үйлердің жылыту маусымына әзірлігі туралы актілер тапсырғанына қарамастан, мәселе әлі шешілмеген. 

Тұрғындар телефон шалып, шағымдарын білдіруде. Депутаттар күрделі мәселе туындаған көпқабатты үйлерді бірінен соң бірін атай бастағанда «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің өкілдері жағдайды анықтауға уәде берді.

«Жылу таратуға жауапты тұлғалардың айтынша, Амангелді көшесі, 50/1 және 50/2 үйлерінде жылу бүгін қалыпты межеге келтіріледі. Катаев көшесі, 133, Ледовской көшесі, 41, Амангелді көшесі, 50/1 және 50/2 көпқабатты үйлеріндегі жағдайды зерттейтін боламыз. Қалған үйлерде қиындықтар болса, олардағы ПИК-тер бізге өтініш білдірулері қажет. Тек осы жағдайда әрекет жасаймыз, - деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС тұтынушылармен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығы Галина Волкова.

Депутаттар тұрғындардың толық мөлшерде жылумен қамтамасыз етілмегені үшін толыққанды төлемақы төлемей, қайта есептеу мәселесін көтерді.

Галина Волкованың сөзінше, меншік иелерінің шекарасына дейін жылу толық мөлшерде жеткізілмеген жағдайда төлемдерді қайта есептеуге мүмкіндік бар. Ол үшін пәтер иесі бұл туралы ПИК-ті хабардар етіп, кооператив энергия қамту және энергия жеткізетін ұйымдарға өтініш жолдауы қажет.

Әрі қарай арнайы комиссия зерттеу жүргізіп, параметрлерді өлшеп себеп-салдарды анықтайды. Егер де жылытудың қажетті мөлшерде жеткізілмегені жылу желілерінің кінәсі бойынша орын алғаны дәлелденсе, пәтер иесінің төлемақысы қайта есептеледі.


Новости партнеров