Ер адам әйелі қайтыс болған уақыттан бері 10 жасар туған қызын зорлап келген

Ер адам әйелі қайтыс болған уақыттан бері 10 жасар туған қызын зорлап келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйелі қайтыс болғаннан кейін туған қызын зорлап келгенін сот дәлелдеген. Павлодар тұрғыны 16 жылға колонияға қамалды және химиялық жолмен піштірілетін болды.

Журналистер үшін процестің жабық болғанына қарамастан, іс кәмелеттік жасқа толып үлгермеген қызға қатысты болғандықтан, үкім оқылатын сот отырысына бұқаралық ақпарат өкілдері кірді, деп хабарлайды  Sputniknews.kz.

Сот материалдарынан 33 жастағы павлодарлықтың әйелі қайтыс болғаннан кейін бірнеше мәрте 10 жасқа толып үлгермеген қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі болды.

Әкесінен қандай қорлық көріп жүргенін қыздан туысы кездейсоқ білген. Ол полицияға хабарласып, кейін бірден ер адамнан қызын алып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бірнеше ай ішінде полицейлер педофилдің кінәсін дәлелдейтін жеткілікті мөлшерде айғақтар жинап, 6 қараша күні Павлодар облысының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында оған үкім оқылды — 16 жылға бас бостандығынан айырылды және химиялық жолмен піштірілмек.

Сотталушы осы жылы химиялық жолмен піштірілетін жетпіске жуық қылмыскерлердің бірі болмақ. Мемлекет осы процедураға 9,5 миллион теңге жұмсайды. Алдағы жылы осы жаза түрі 152 қылмыскерге қолданылады.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айгүл Мүкішеваның айтуынша, препарат қылмыскерлерге өмір бойына тағайындалып, оларға айына үш рет салынатын болады.

«Уақыт өте келе қылмыскерді химиялық жолмен піштіріп отыру мерзімін ұзарту немесе қысқартуды комиссия шешеді. Тоқтату үшін психиатрлар қылмыскердің педофилияға бейімділігі жоқ деген шешім шығаруы тиіс», — деді ол.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар химиялық жолмен піштірудің педофилдерді азайтуға көмектеспейтінін атап өтті. Мысалы, оны алкогольмен араластыратын болса, препараттың күші жойылады. Алайда, әзірге химиялық піштіруді қандай жазамен алмастыруға болатыны белгісіз.






Новости партнеров