Алматыда Жандосов көшесі бойындағы Ақсай өзені арқылы өтетін көпір қайта жасалып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл нысан 1963 жылы салынған болатын. Құзырлы органдардан құралған комиссия бұл көпірді 2015 жылы апатты деп бағалаған. Көпір Наурызбай және Қарасай аудандарының автокөліктеріне арналған.
«Бұрынғы ескі көпір түгел бұзылды. Көпірге мықты тіректер мен қабырғалар орнатылды. Өтпелі плиталар жасалып, қоршаулар қойылды. Екі қабатты асфальт төселген жаңа көпір пайда болды. Реконструкция кезінде төрт жолақты көлік қозғалысы және оның екі жағына тротуар жасалды. Жүзеге асқан нақтылы шаралардың барлығы көпір үстімен жүретін көліктердің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.
Еске сала кетейік, өткен аптада «Медеу - Шымбұлақ» көпірі де қайта жасалып, халық игілігіне берілген болатын.