|
20.11.2018 | 11:24
1918

Жалақысы аз жұмысшыларға салынатын салық көлемі азаяды

Жалақысы аз жұмысшыларға салынатын салық көлемі азаяды

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейінгі еңбекақысы бар жұмысшыларға салынатын салық 10 есеге азаяды.

Демек, бір АЕК 2405 теңге екенін ескерсек, 60 125 теңгеден аз алатындар жеке табыс салығын өзгелерге қарағанда азырақ төлейтін болып тұр.

Бірақ, 2019 жылы бір АЕК 2525 теңге болады деген болжам бар. Егер нақты бекітілсе, бұл 63 125 теңгеден аз айлық алатындарға қатысты.

Жұмыс беруші қызметкері үшін міндетті салықтарды төлейтіні белгілі. Жоғарыда аталғандай мөлшерде жалақы алатындар салықты мейлінше аз төлесе, жұмыс берушіге қаржылық ауыртпалық түсірмейді. Есесіне қызметкердің еңбекақысы өседі.

Яғни, жалақысы аз жұмысшылардан салықты 1 пайыз ғана ұстап қалатын болады. Салық заңнамасына тиісті түзетулер 2018 жылғы 2 шілдеде шыққан «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы» заңында көзделген. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир