Грузияда тұңғыш рет әйел президент болып сайланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Грузияда өткен президент сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, Зурабишвили 60 пайыз дауыс жинаған. Ал оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе шамамен 40 пайыз дауыс жинаған.
Басылымның мәліметінше, сайлауға дауыс берушілердің 56,23 пайызы келген.
Сондай-ақ, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болғаны айтылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00