Жания Бекмұхамбетова Италиядағы үстел теннисінен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
Depositphotos.com
Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды.
Жарыс барысында Жания Бекмұхамбетова Италия өкілі Виктория Таминиді (3:0), румыниялық Диана Бурлакуны (3:0), италиялық Майя Павелді (3:0), аустралиялық Алисса Йенгті (3:0) және испаниялық Кармен Гоместі (3:0) жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31