Семейдегі ЖОО-да екі студентті компьютердің тінтуірі үшін оқудан шығарып жіберді

Семейдегі ЖОО-да екі студентті компьютердің тінтуірі үшін оқудан шығарып жіберді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейдегі медициналық университетте екі студент компьютердің тінтуірі үшін оқудан шығарылды. Қыздар тінтуірді кітапхана залынан пікірталас залына рұқсатсыз алып барған екен.

Бұл туралы Semeyainasy басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға қаңтар айының басында орын алған және бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқу орнының әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізіп, студент қыздардың әрекетін ұрлықпен теңестірген.

«Бүгінгі білім туралы заңда оқушылар талаптарды бұзғаны үшін, білім беру ұйымының ішкі тәртібі мен жарғысына сәйкес тәртіптік жаза қолданылады. Тінтуірдің жоғалып кету фактісіне студенттер қатысты. Ол видеожазбамен дәлелденді. Видеода екі студенттің тінтуірді әдейі және рұқсатсыз компьютерден шешіп алып, алып кеткені көрінеді. Сондықтан университет бүгінгі заңға сәйкес шара қабылдады», – дейді ЖОО-дағылар.

Ендігі студенттер келесі оқу жылында оқуын ақылы негізде жалғастыра алады.

Ал әлеуметтік желіде бұл жағдай көпшіліктің талқысына түсті. Олардың сөзінше, олар бұл жағдайды түзегісі келеді және студенттерге әділетсіздік жасалды.

«Тым ауыр жаза емес пе? Біз осы ЖОО-ның студенттеріміз. Бұл жағдайды өзгерту үшін қоғамнан көмек сұрап отырмыз», – деп жазды университет студенттерінің бірі.


Новости партнеров