Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында 2 адам қаза болды

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында 2 адам қаза болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында екі адам мерт болды. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады stan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Екі жігіт автобус астында қалып, екеуі де оқиға орнында жантәсілім еткен.

54 жастағы жаяу жүргіншіні қиылыста қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол жолды кесіп өтпек болған. Бұл кезде рейсті автобус бұрылып жатқан екен. Жүргізуші адамды байқамаған. Ер адам жедел жәрдем келгенше мерт болды.

46 жастағы ер адам да дәрігерлер келгенше көз жұмды. Оны микроавтобус қағып кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жаяу жүргінші күтпеген жерден жол бойына жүгіріп шыққан. Жүргізуші көлігін тоқтатып үлгермей қалған.

«Автотехникалық сараптама міндетті түрде тағайындалады. Соның нәтижесінде, жүргізушілердің ережені қаншалықты бұзғаны, жаяу жүргіншілерді қағып кетпеудің мүмкіндігі болған-болмағанын анықтайды», – деді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Новости партнеров