|
19.11.2018 | 11:26
1511

Ескі шкаф сатып алған құрылысшы үйіне келген соң өз көзіне өзі сенбеді

Ескі шкаф сатып алған құрылысшы үйіне келген соң өз көзіне өзі сенбеді

Құрылысшы ұсталған шкаф сатып алып, оның ішінен бір бума ақша тауып алды.

Румынияның Бикиджи ауылында тұратын құрылысшы ескі шкафтан 95 мың еуро (шамамен, 40 миллион теңге) тауып алды.  

Самуэль Станичи (Samuel Stanici) интернет арқылы ұсталған шкаф сатып алады. Бірнеше күннен кейін оның ішінде 500 еуролық купюралар салынған металл қорап жатқанын байқаған. Құрылысшы әйелін шақырып, тауып алған затын көрсетеді. Ақшаны бірге санап шыққаннан кейін екеуінен маза қашқан, деп жазады Associated Press.  

«Біз есеңгіреп қалдық, — дейді әйел. — Түні бойы ұйықтай алмадық».

Олар мұны тұзақ екен деп қорқып, ақшаны заңды иесіне қайтаруға шешім қабылдайды. Станичи Арад қаласына барып, шкаф сатқан адамды іздеп табады. Содан кейін олар Бикиджиге бірге келген.

Белгілі болғандай, ақша шкафтың бұрынғы иесінің әкесіне тиесілі болып шыққан. Ал ұлы қазына туралы ештеңе білмеген, Станичидің әйелі сатушы ақшаны көргенде абдырап қалғанын айтады.

Ол ақшаны алып, құрылысшының отбасына адалдық танытқаны үшін сыйлық жасайды. 

Айта кетейік, қыркүйек айында Германияның Бремен қаласының тұрғыны ескі асүй шкафын сатып алып, бұрынғы иесі жасырып қойған алтынды тауып алған болатын. Ол қазынаны табылған заттар мемлекеттік бюросына өткізіп, ол үшін 2,5 мың еуро алған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир