Грозныйда лаңкес әйел өзін жарып жіберді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Грозныйдың Старопромысловск ауданында әйел адам өзін жарып жіберді, деп хабарлады BBC News. Полицейлер оның лаңкес болғанын айтуда.
Шешенстан Ішкі істер министрлігінің уақытша басшысы Апти Алаудинов Интерфаксқа берген сұхбатында оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше, жанкешті әйел өткізу-бақылау бекетіне қарай жақындаған. Полицейлер оның тоқтауын және құжаттарын көрсетуін талап еткенімен, әйел сөзге құлақ аспапты.
Әйел бекетке жақындап қалған кезде тәртіп сақшылары ескерту ретінде аспанға оқ атыпты. Сол сәтте жанкешті беліндегі жарылғыш затты іске қосқан. Жарылыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек лаңкес әйелдің өзі ғана қаза тапты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48