Қостанайлық бойжеткен әкесін сотқа берді

20.09.2018 16:28

Қостанайлық қыз қалалық сотқа әкесіне қарсы талап арыз түсірді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қыз оқу орнында білім алған кезеңдегі әкесінің ай сайынғы барлық табысының ¼ көлемін алимент ретінде өндіріп алмақ.  

«Жауапкер қызының алдындағы міндетін орындамай келген. Талапкердің әкесі қызы білім алған кезең үшін ай сайын 20 000 теңге көлемінде өз еркімен алимент төлеуге міндеттелді. Қызы талап арызынан бас тартты», – делінген баспасөз хабарламасында.

Мұндай нәтижеге алдын ала сот отырысында қол жеткізілді. Судья тараптарға дауды бейбіт жолмен тоқтату құқығын түсіндірді. Тараптар соттан дауды реттеу жайлы келісімді бекітуді сұрап өтініш берді.