Ақтауда дәрігерлер баланың өңешіне тұрып қалған 100 теңгелік тиынды алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
22 қыркүйек күні Ақтау ауруханасына тыныс алуы қиындаған бес жасар бала түсті.
Баланың өңешінде 100 теңгелік монета бар екені анықталды, деп жазады Sputniknews.kz ақтаулық Лада.kz-ке сілтеме жасап.
Эндоскопист дәрігер Роллан Елеусінов әріптестерімен бірге монета шығару отасын жасады.
Монета әуелі өңеште тұрған, ал ота кезінде асқазанға түскен. Хирургиялық ота 40 минутқа созылды.
Баланың жағдайы жақсарып қалғаны белгілі болды, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Дәрігерлер ата-аналардан кішкентай балаларға мұқият болып, магнит, тиын, ине, түйреуіш және тағы басқа да ұсақ-түйек заттарды жасырып қоюды сұрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00