Елімізде маусымдық көкөністер бағасы күрт қымбаттады

06.11.2018 17:38

Салқын түсісімен, халық сүйіп тұтынатын маусымдық көкөністердің бағасы да күрт қымбаттап шыға келген. Яғни, қияр бағасы 14%-ға, қызанақ бағасы 11%-ға өскен, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.  

Дегенмен, картоп, пияз, қызылша және сәбіз бағасы әлі де арзан қалпын сақтап тұр.  

Қазан айының қорытындысы бойынша ҚР дүкендері мен базарларында маусымдық көкөністер бағасы бірден шарықтап кеткен: қызанақ пен қиярдың бағасы тіптен, қыркүйек айында-ақ көтеріле бастаған, ал қырыққабат бағасы 1,2%-ға қымбаттаған.  

Соған қарамастан, сәбіз бағасы әлі де арзандай түсуде: қазан айында сәбіз 17%-ға арзандаса, қызылша (-11,9%), пияз (-10,8%) және картоп (-7,9%) бағалары да біршама төмендеген.

Жеміс-жидек бағасында да айтарлықтай өзгерістер байқалады. Апельсин 4,6%-ға қымбаттаса, керісінше, алма бағасы бір айда 5,3%-ға арзандаған.  

Құс фермаларының өнімдері де қымбаттай түскен: тауық еті бір айда – 3,8%-ға, тауық саны – 2,4%-ға, ал жұмыртқа бағасы бірден 6,5%-ға көтерілген.

Сүт өнімдерінің бағасы да өскен: сонымен, шикі сүт бағасы қазан айында 2,8%-ға, кілегейлі өнім – 1,1%-ға, сары май бағасы – 1%-ға артқан.

Ет және ет өнімдерінің ішінен тек шошқа майы (+1,4%) мен кептірілген шұжық бағасы (+1,2%) ғана қымбаттаған.  

Күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінен: қант (бір айда бірден 4,6% -ға), күнбағыс майы (2%-ға), майонез (1,3%-ға), кәмпит (1,1%-ға), маргарин (1,1%-ға) бағасы өскен.

Сондай-ақ ауыз су бағасы да қыркүйек айында 1,4%-ға өскен.

Дәнді дақылдардан бидай мен күріш бағасы 1%-ға, жоғары сортты ұн (бір айда 1,5%-ға), бірінші сортты ұн (1,2%-ға) бағасы да қымбаттаған.

Сонымен қатар, бидай мен қарабидайдан жасалған нан бағасы да 1–1,1%-ға көтерілген.