Атырау-Орал тасжолында бір отбасы түгел қаза болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау-Орал трассасында жол апатынан бір отбасы ажал құшты, деп жазды Ақ Жайық.
7 желтоқсанда кешке Атырау облысының Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылы тұсында «ВАЗ21104» көлігі қарсы бетке шығып кетіп, ауыр жүк көлігіне (фура) соққан.
Оқиға салдарынан ВАЗ-дың 1974 жылғы жүргізушісі мен оның әйелі және 15 жастағы қызы қаза болды.
Сол күні түнде Атырау-Индер трассасының Индер ауданы Құрылыс ауылы тұсында 52 жастағы ер адамды КамАЗ автокөлігі қағып, жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Екі оқиға бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33