|
20.11.2018 | 11:41
2455

Семейде көмір кезегінде өлтірілген дзюдошыны 15 адам жабылып соққан

Семейде көмір кезегінде өлтірілген дзюдошыны 15 адам жабылып соққан

Семейде көмір кезегінде өлтірілген Жасұлан Әбиевтің жақындары бір ғана адамның қамауға алынғанын айтады. Куәгерлердің сөзінше, жігітке жабылғандардың саны 15 болған екен, деп хабарлайды Алтайньюс.

Туыстары Жасұланды бір топ адамның жабылып өлтіргеніне сенімді.

«Алғашында үш адам соғыпты деген, кейін жеті адам деді. Кеше ол жерде, тіпті, 15 адамның болғаны анықталып отыр. Елдің айтуынша, Жасұлан екі-үшеуін соққыға жығып, құлатқан, осы кезде біреуі басынан сүйменмен ұрып жіберіпті», – дейді марқұмның қарындасы Жұлдыз Әбиева.

Ал Семей қалалық полициясында 33 жастағы спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы жігіт құрықталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер сотта кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Семейде 12 қараша күні қазақстандық спортшы Жасұлан Әбиевті Қаражыраның разрезіндегі көмір кезегінде өлтіріп кеткен еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир